#test Қазақстан тарихы
📜 ҰБТ-да кездесетін сұрақтар. 📜
1. VІІ-VІІІғ-да салынып, бітпей қалған ғимарат:
+++Ақыртас+++
2. Ақыртас ғимараты салына бастаған кезең:
+++Қарлұқ қағанаты кезінде+++
3. Мәтіндегі сипатталған сәулет өнерінің ескерткішін табыңыз:
«Ел аузында сақталған аңызға қарағанда, бір сұлу қызға ғашық болған Алан-Хазар есімді жігіт қыздың көңілінен шығу үшін тастан сарай салып бермек болған. Сарай тұрғызатын жер суға тапшы болғандықтан, ол Талас өзенінен су тасу үшін арық тартпақ болады. Бірақ белгісіз себептермен Алан-Хазрдың сарайы бітпей қалған. Соған қарамастан, бұл ғимаратты салушы сәулетшінің ой өрісі кең әрі батыл шешімді адам болғандығы аңғарылады » ++++Ақыртас ғимараты+++
4. Қазақстан мен Қарақалпақстан шекарасында орналасқан сәулет өнерінің туындысы:
+++Білеулі+++
5. Құдық үстіне орналасқан құрылыс:
+++Сардоба+++
6. Ерте орта ғасырларда қазақ жеріне салынған «сардоба» құрылысы:
+++Құдықтың үстіне орналасқан құрылыс+++
6. VІІІ ғ. Қарлұқ, Қимақ қағанаттары дәуірінде кең тараған, киіз үйге ұқсас діни құрылыс жүйесі:
+++Дың ескерткіштері+++
7. Дың және Сардоба ғимараттарының ұқсастығы:
+++құрылысы киіз үйге ұқсас+++
8. Дың ескерткіштерінің сардобадан айырмашылығы:
+++Қаза тапқан адам басына салынды+++
9. Дың ескерткіштері басым болған мемлекеттер:
+++Қарлұқ, Қимақ+++
10. Дың ескерткіштерінің көп сақталған жері:
+++Орталық Қазақстан, Жетісу, Тарбағатай, Маңғыстау+++
11. VІІ ғасырдың аяғы және VІІ ғасырдың басында Ақбешімде салынған діни құрылыс:
+++Будда ғибадатханасы+++
12. Будда ғимараттарынынң орны табылған жер:
+++Ақбешім,Суяб+++
13. Балбал тастар көп кездесетін аймақтар:
+++Орталық Қазақстан мен Жетісу+++
14. Орта ғасырдағы Қазақстан жерінде сәулетті ірі қшұрылыстар салына бастады:
+++Х-ХІІ ғғ.+++
15. Х-ХІ ғасырлар аралығында Боран мұнарасы салынды:
+++Жетісуда+++
16. Х-ХІғасырлар аралығында Жетісуда салынған мұнара:
+++Боран+++
17. Боран мұнарасы қай ғасырға жатады:
+++Х-ХІ ғ+++
18. Мәтінде сипатталған ортағасырдағы сәлет өнеріне тән құрылыс: «... Ол Х ғасырдың аяғында немесе ХІ ғасырдың басында Жетісу халқы жаппай мұсылмандыққа көше бастаған кезде салынған. Мұнараның жанында төбесі күмбезделіп жабылған кесенелер болған. Олардың ішкі жағы қызғылт-күрең түске боялған оюлы ғаныш сылақпен безендірілген»
+++Боран мешіті+++
19. Х-ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекеті кезінде өркендей бастаған сәулет өнерінің тамаша туындысы:
+++Айша бибі кесенесі+++
20. Бабаджа хатын мен Айша бибі кесенелері жақын орналасқан қала:
+++Тараз+++
21. Бабаджа қатын кесенесінің салынған мерзімі:
+++Х-ХІ ғғ.+++
22. Айша бибі кесенесінің салынған мерзімі:
+++ХІ-ХІІ ғғ.+++
23. Х-ХІІ ғ. Қазақстанда сәулетті ірі құрылыстардың көптеп салынуына ықпал еткен жағдай:
+++Ислам дінінің нығая бастауы+++
24. Ру Х-ХІІ ғғ. Қала құрылысындағы жаңалықтарының бірі:
+++Шығыс моншасынның салынуы+++
25. Орта ғасырлық шығыс моншалардың орындары табылған қалалар:
+++Отырар, Тараз+++
26. Жамбыл(Тараз) қаласының жанындағы орта ғасырлық тарихи ескерткіш:
+++Айша-бибі кесенесі+++
27. Х-ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекеті кезінде өркендей бастаған сәулет өнерінің тамаша туындысы:
+++Айша бибі кесенесі+++
28. Х-ХІІ ғ. тараз қаласы маңындағы сәулет өнерінің тамаша туындысы:
+++Бабаджа қатын+++
29. ХІІІ ғасырдан ХІV ғасырға дейін Қазақстан жерінде ірі құрылыстар салынбауының себебі:
+++Моңғол шапқыншылығының салдары+++
30. ХІV-ХV ғ. саулет өнерінде қалыптасқан жаңа үлгілер:
+++Ғимаратты күмбез шатырмен жабу+++
31. ХІУ-ХУ ғасырлардағы сәулет өнерінің тамаша үлгісін көрсеткен кесене:
+++Дәуітбек кесенесі, Арыстан баб, Тектұрмас+++
32. Көне Отырар қаласының батыс жағында 3 км жерде орналасқан кесене:
+++Арыстан баб кесенесі+++
33. Арыстан баб кесенесінен 3 км-дей жерде орналасқан ежелгі қала:
+++Отырар+++
34. Құлап қалған Арыстан баб күмбезін ХІУғасырда қайта салғызған:
+++Әмір Темір+++
35. Арыстан баб кесенесі:
+++2 бөлмелі+++
36. ХІV-ХV ғ. сәулет өнерінің тамаша үлгісін көрсеткен кесене:
+++Қожа Ахмет Йасауи+++
37. Қожа ахмет Йасауи кесенесі орналасқан қала:
+++Түркістан+++
38. Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салуға Әмір Темір бұйрық берген жыл:
+++1397 ж+++
39. Қожа Ахмет Йассауи кесенесінде залдың ортасында тұрған үлкен тайқазан жасалған жыл:
+++1399 ж+++
40. Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің биіктігі:
+++37,5 м+++
41. Қожа Ахмет Йассауи кесенесіндегі ең негізгі бөлме:
+++Кітапхана+++
42. Қолданбалы өнердің тамаша үлгілері қолданылған ғимараттар:
+++Қожа Ахмет Йассауи+++
43. ХVІІ ғ. Түркістан қаласына тән емес белгі:
+++Ұлықбектің кесенесі орналасқан+++
44. ХІV-ХV ғ-дағы өнерінің тамаша үлгісін көрсетке кесене:
+++Көккесене+++
45. Төменарық кентінің солтүстік батысында 8 шақырым жерде орналасқан:
+++Көккесене+++
46. Сығанақ қаласының маңында орналасқан бір күмбезді кесене:
+++Көккесене+++
47. Қабырғаларының сырты Алаша хан күмбезі секілді қыштан, кілем өрнегі үлгісіне Ұқсатып қаланған кесене :
+++Көккесене+++
48. Алаша хан мен Жошы хан күмбездері орналасқан аймақ:
+++Сарыарқа+++
49. Алаша хан кесенесі орналасқан аймақ:
+++Ұлытау+++
50. Алаша хан аңызында айтылатын Алаша хан ордасының орналасқан жері:
++Жезқазған аймағындағы Жаңғабыл өзені бойында+++
51. ХІV-ХV ғасырлар аралығында Алаша хан кесенесі салынған өзен:
+++Қаракеңгір+++
52. Қаракеңгір өзенінің оң жағында күмбезі орналасқан хан:
+++Алаша+++
53. ХІУ-ХУғғ. Саулет өнерінің ескерткіштері Алаша хан мен Жошы хан кесенелері орналасқан аймақ:
+++Орталық Қазақстан+++
54. Мәтінде сипатталған сәулет өнерінің ескерткішін табыңыз: «Бұл кесененің өзіндік бір ерекшелігі далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалуы. Оның іргесі текшеленіп қаланып төбесі күмбезделген. Кіре беріс маңдай алды киіз үйдің қос қанатты Сықырлауық есігі тәрізді. Күмбездің екі жақтауы мен маңдайшасы өрнекті кірпіштермен қос сызықша етіп қатар өрілген.»
+++Алаша хан кесенесі.+++
55. Қ.А.Йассауи ғңимаратының қасында орналасқан Әмір Темір ұрпағына арнап салынған кесене:
+++Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі+++
56. Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі орналасқан қала:
+++Түркістан+++
57. Рабиға Сұлтан Бегімнің басына қойылған құлпы тасы табылған жер:
+++Ахмет Иассау күмбезінің ішінен+++
58. Атақты қобызшы Қорқыт ата күмбезі орналасқан аймақ:
+++Қызылорда+++
59. Қазір мұражайға айналдырылған Шығыс моншасы:
+++Түркістанда+++